Maм 20, 2020 19:31 Asia/Almaty
  • Сионист әскерилер Иордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алған Құдсқа шабуыл жасады

Al-Alam арнасының мәліметінше, сионист әскерилер сейсенбі күні кешке бірқатар сионистік қалашықтардың тұрғындарымен басып алынған Құдстың аймақтарында палестиналық азаматтарға шабуыл жасап, палестиналық жастарды тұтқындады.


Бұл әскерилер Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Бейт-Лехемнің шығысындағы әл-Абидие қалашығында палестиналықтардың үйлері мен әл-Джалилдің солтүстігіндегі әл-Уруб және әл-Хадаб ауылындағы әл-Фавар лагерлеріне шабуыл жасап, тұрғындарының арасында үрей тудырып, бірқатарын тұтқындады. Олар Дейр Самат қалашығындағы шәһид Мұхаммад Абдолла әл-Аваденің үйіне шабуыл жасап, жиһаздарын бүлдіріп, үйін тінтті. Әл-Аваде осыдан бірнеше күн бұрын сионистік әскерилердің оғынан шәһид болған. Басқыншы режимнің әскерилері әл-Халил қаласының әш-Шоһадо көшесінің тұрғындарын қалашық тұрғындарына қарай тас лақтырды деп, үйлерінен шығарып, бірнеше сағат бойы далада ұстап, ұрып-соқты. Адам құқығының белсендісі Мофид әш-Шорбати бұл оқиғаны видеоға түсіріп жатқан кезде сионист әскерилер оны тұтқындады.

Бүгінде сионистік режимнің абақтыларында 5700 палестиналық қамауда жатыр. Олардың 250 бала, 47 әйел.

 

 

Тегтер