«Тіземен мойын басу» сионистердің ашу ызасын тудырды
Сионистік режим қауіпсіздік күштерінің бір наразыға адамдықтан тыс қатынас көрсетіп, оның мойнын тіземен басуы сионистердің ашу ызасын тудырды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, басып алынған жерлерде бір қауіпсіздік қызметкерінің наразы адамға адамдықтан тыс қатынас көрсеткені бейнеленген фотосуреттердің әлеуметтік желілерде таралуы сионистердің ашу‑ызасын тудырды.
Бұл фотосурет сионистердің Израиль Министрлер кабинетінің коронавирустың таралуымен күресудегі тиімсіздігіне қарсы наразылықтары кезінде түсірілген.
Бір наразы өз ойын айтып жатқан кезде қауіпсіздік күштері оған шабуыл жасап, бір қызметкер оның мойнын тізесімен басқан.
Сионистік режим қауіпсіздік қызметкерінің бұл әрекеті АҚШ полицияның Джордж Флойдқа қатысты айуандық әрекетін еске салып, басып алынған жерлер тұрғындарының жаппай наразылық білдіруіне алып келді.