Ливан Президенті: Бейрут жарылысының барлық ықтималды себептері тексеріледі
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i47828-Ливан_Президенті_Бейрут_жарылысының_барлық_ықтималды_себептері_тексеріледі
Ливан Президенті: «Бейрут жарылысының барлық ықтималды себептері, соның ішінде жарылғыш заттарды сақтаудағы немқұрайлық және шет елдердің араласу ықтималы тексеріледі»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 07, 2020 15:20 Asia/Almaty
  • Ливан Президенті: Бейрут жарылысының барлық ықтималды себептері тексеріледі

Ливан Президенті: «Бейрут жарылысының барлық ықтималды себептері, соның ішінде жарылғыш заттарды сақтаудағы немқұрайлық және шет елдердің араласу ықтималы тексеріледі»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мишель Аун жұма күні онлайн форматта тілшілерге берген сұхбатында: «Тез арада Бейрут жарылысына қатысты әділет орнауы тиіс»,-деді.

Ливан Президенті бүкіл халықтың ашық сот отырысына қатыса алатынын айтып: «Ливан халқы болған оқиғаға қатты ашулы»,-деді.

Мишель Аун: «Бейрут жарылысы Ливан қоршауының жойылуына себеп болды. Жуырда қайта жөндеу жұмыстары басталады»,-деді.