Палестина кейбір араб билеушілердің отына күйіп жатыр
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Палестина әлі күнге дейін сионистік режимнің басқыншылығы мен кейбір араб билеушілердің қиянат отына күйіп жатыр»,-деді.
Саид Хатибзаде жұма күні Твиттердегі жеке парақшасында Дүниежүзілік мешіт күніне тоқталып: «Мұсылмандардың алғашқы құбыласы, адамзаттың ортақ мұрасы, барлық илаһи діндер бірлігінің символы әл-Ақса мешітінің сионист экстремистер тарапынан өртелгеніне 51 жыл болды»,-деп жазды.
1969 жылы 21 тамызда әлем мұсылмандарының алғашқы құбыласы әл-Ақса мешіті сионист экстремистер тарапынан өртелді. Сионистік режим әлем мұсылмандарының ашу-ызасы мен жиренішін тудырған осы оқиғаға жауапкершілікті бір аустралиялық яһуди саяхатшы Денис Майкл Роханға артты. Ол алдын ала ұйымдастырылған сотта сотталып, артынан психикалық ауруға шалдыққан деген сылтаумен босатылды.