Насролла: Қарсыласу қозғалысы ешқашан сионистік режимді ресми түрде танымайды
Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ашураның жолдауын зұлымдық пен қорлыққа қарсы тұру деп атап: «Хизбулла сионистік режимге қарсы тұрып, жайласудан ешқашан бас тартпайды»,-деді.
Сейіт Хасан Насролла жексенбі күні, мұхаррам айының 10-шы жұлдызы Ашура күніне орай сөйлеген сөзінде аймақтағы қазіргі күресті ақиқат пен жалғанның арасындағы соғыс деп атап: «Хизбулла мен исламдық қарсыласу қозғалысы сионистік режиммен күресуді көздейтін кез келген топқа жақтасып, қолдау білдіреді»,-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы БАӘ-нің Израильмен ымырасын осы елдің үлкен қорлығы және араб әлеміне қиянат деп атап: «Сионистер Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алу жобасын тоқтатпайтынын және F-35 қырғи ұшағын БАӘ-не сатуға келіспейтінін мәлімдеу арқылы БАӘ-нің абыройын төкті»,-деді.