Бахрейннің қиянаты айыпталды
(last modified Sat, 12 Sep 2020 14:16:17 GMT )
Қыр 12, 2020 20:16 Asia/Almaty
  • Бахрейннің қиянаты айыпталды

Палестиналық топтар Бахрейн мен Сауд режимінің сионистік режиммен қатынасын қалыпқа келтіру әрекеттерін Палестина армандарына қиянат жасау және «Ғасыр мәмілесін» іске асыруды қолдау деп атады.

Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС: «Бахрейнмен Израильдің қатынастарын қалыпқа келтіру келісімі «Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асыруды көздейді»,- деп жариялады. Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысы да: «Бұл келісім Бахрейн режимінің АҚШ-қа адалдығын білдіреді»,- деп мәлімдеді.  Араб тілді әлеуметтік желі қолданушылары да Әл-Халифаның сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру туралы сатқын келісімін айыптады. Ислам әлемінің көптеген қайраткерлері мен азат топтары бұл келісімге қарсылығын жариялады.

Иран Сыртқы істер министрлігі Бахрейн мен сионистік режим арасындағы дипломатиялық әшкере қатынасты   айптап, оны Палестина армандарын АҚШ сайлауына құрбан еткен Бахрейннің сұм әрекеті деп атады.

 

Тегтер