Ауғанстанға Догорун шекарасы арқылы күнделікті 2500 тонна тауар экспортталады
Қыр 16, 2020 15:14 Asia/Almaty
Иранның солтүстік-шығысындағы Харасан Разави облысының Догорун шекара терминалының басшысы күн сайын Ауғанстанға бұл терминал арқылы 2500 тонна тауардың экспортталатынын мәлімдеді.
Догорун шекара терминалының басшысы сәрсенбі күні: «Цемент, арматура, бензин және сұйытылған мұнай газы – Ауғанстанға күн сайын 100 жүк көлігімен экспортталатын маңызды заттар»,- деді. Ол ауған бизнесмендерінің ирандық заттарды сатып алу сұранысының 50 пайызға артқаныны тоқталып: «Жыл сайын Ауғанстанға Догорун терминалынан 650 мың тонна экспорттық және 400 мың тонна транзиттік жүк жіберіледі»,- деп сөзін жалғады.