Сионистік режиммен қатынасты қалыптандыруға наразылықтар жалғасуда
Түрлі елдерде БАӘ мен Бахрейннің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыптандыруға наразылықтар жалғасуда.
Палестина, Ирак, Ливан мен Йемендегі қарсыласу топтары сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруды айыптап, басып алынған жерлерді толық азат еткенге дейін осы режиммен күресті жалғастыру қажеттігін қуаттады.
БАӘ-де сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыру туралы келісімді айыптауға бағытталған кампания басталды. Осы күнге дейін 1 млн-нан астам адам петицияға қол қойды.
Пәкістанның Премьер-министрі БАӘ мен Бахрейнді сынап: «Исламабад ешқашан Израильді ресми түрде танымайды»,-деді.
Кувейт Парламентінің төрағасы Израильмен қатынасты қалыптандырудың ешбір түрін қабылдамайтынын айтты.