Йемен армиясы Сауд Арабиясының Абха халықаралық әуежайына тағы да шабуыл жасады
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Сауд Арабиясының Абха халықаралық әуежайына ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасалғаннан бір күн өткен соң оған тағы да шабуыл жасалғанын хабарлады.
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Яхия Сари: «Йемен армиясының ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесі дүйсенбі күні таңертең «Касеф К2» атты ұшқышсыз ұшақпен Сауд Арабиясының Абха халықаралық әуежайына шабуыл жасады. Бұл шабуылда әуежайдағы бір маңызды әскери нысан дәл нысанаға алды»,-деді.
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі: «Өткен аптада осы әуежай мен «Хамис Машит» әскери базасына ұшқышсыз ұшақтармен жасалған шабуылдар саудиялық басқыншы коалицияның қылмыстары мен Йеменді қоршауына жауап болып табылады»,-деп қуаттады.