Түркияда зілзала құрбандарының саны артты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i48834-Түркияда_зілзала_құрбандарының_саны_артты
Түркияның Дағдарыстарды басқару ұйымы елдің батысында орын алған жер сілкінісінің құрбандары санының 100-ге жеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 03, 2020 14:33 Asia/Almaty

Түркияның Дағдарыстарды басқару ұйымы елдің батысында орын алған жер сілкінісінің құрбандары санының 100-ге жеткенін хабарлады.

Түркияның Дағдарыстарды басқару ұйымы: «Измирде болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің 147-сі ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы ауыр»,-деп мәлімдеді.  

Статистика бойынша, 6,6 баллдық жер сілкінісінен зардап шеккендердің жалпы саны 1000-нан асты.