Сәу 17, 2016 13:44 Asia/Almaty
  • 1967 жылдан бері бір миллионға жуық палестиналық құрықталған

Палестиналық бір мекеменің мәліметіне сәйкес, 1967 жылдан бері сионистік режим шамамен бір миллионға жуық палестиналық азаматты қамауға алған.

Press TV-дің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Палестинаны азат ету ұйымына қарасты Тұтқындар мен қамауға алынғандар кеңесі: «1967 жылдан қазіргі кезге дейін шамамен бір миллионға жуық палестиналық азамат сионисттік режим тарапынан қамауға алынған» деп мәлімдеді.

Осы мәліметке сәйкес, 2000 жылы Әл-Ақса интифадасы басталғаннан осы уақытқа дейін жалпы алғанда 90 мың палестиналық, соның ішінде 11 мың бала мен жасөспірім және де 1300 әйел тұтқындалған.

Осы орайда Палестинаны азат ету ұйымының бір мүшесі: «1967 жылы Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Бейт ул-Мұқаддастың шығыс бөлігі мен Газа секторына басқыншылық жасау әрекеттері басталғаннан бері 207-ден астам палестиналық тұтқынға түсіп, сионистердің қолынан қаза тапқан» деп мәлімдеді.

Тегтер