Бахрейн халқы шеруге шығып, тұтқындардың босатылуын талап етуде
(last modified Mon, 05 Apr 2021 15:55:34 GMT )
Сәу 05, 2021 21:55 Asia/Almaty

Бахрейн халқы елдің түрлі өңірлерінде төртінші күн қатарынан тұтқындардың босатылуын талап етіп, наразылық акцияларын өткізіп жатыр.

IRNA ақпарат агенттігінің al-Mayadeen-ге сілтеме жасап хабарлауынша, наразылар Бахрейн түрмелерінде коронавирустың таралуына байланысты тұтқындарды тез арада босатуды талап етуде.

Бахрейннің Ад-Дераз, Сетра, әс-Сенабес, әд-Дейр және ән-Навидарат облыстарында халықтық шерулер болып, наразылар Халифе әулеті режимінің осы ел түрмелеріндегі коронавирусқа шалдыққан тұтқындардың саны туралы ақпараттарды бұрмалап жатыр деп айыптады.

Наразылар Халифе әулеті режиміне қарсы ұрандар айтып, оны тұтқындардың жанына жауапты деп атады.    

Тегтер