Сейіт Хасан Насролла: Құдстың жастарына жалынды сәлем!
Ливан Хизбулласының бас хатшысы сәрсенбі күні кешке сөйлеген сөзінде әл-Ақса мешіті маңында Құдстың мұсылмандары мен әсіре сионистер арасындағы қақтығысқа тоқталып, Палестина жастарының табанды қарсылығын мадақтады.
Al-Minar ақпарат арнасының хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла: «Дұшпанның тісіне дейін қаруланған сарбаздарына қарсы тұрып жатқан Құдс тұрғындары, әсіресе жастар мадақтауға лайықты»,-деді.
Насролла: «Олар Құдс, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторына тілеулестік білдіру және күш-қуат теңгерімін өзгерту мақсатында іске кірісті. Мұның бәрі – көңіл аударылуы тиіс мәселелер»,-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы Дүниежүзілік Құдс күні осы жайлы егжей-тегжейлі сөйлейтінін айтты.