Израильдің Соғыс министрі сейіт Хасан Насролланың ескертуіне реакция білдірді
Израильдің Соғыс министрі сәрсенбі күні кешке сөйлеген сөзінде Ливанды қиратамыз деп сес көрсетті.
Израильдің I24 ақпарат арнасының хабарлауынша, Бени Ганц сәрсенбі күні кешке Ливанмен алғашқы соғысқа (1982) 39 жыл толғанына орай Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролланың ескертуіне жауабында: «Израиль армиясы бұрынғыдай өз азаматтарын қорғауға дайын. Егер солтүстік жақтан (Ливаннан) шабуыл жасалатын болса, Ливан дүр сілкінетін болады»,-деді.
Сейіт Хасан Насролла сейсенбі күні сөйлеген сөзінде: «Құдс пен әл-Ақса мешітіне басқыншылық аймақтық соғыс дегенді білдіреді. Израиль Құдсқа шабуылдың аймаққа шабуылмен тең екенін түсінген кезде кез келген шараның режимнің жойылуына алып келетінін ұғатын болады»,-деді.