Маусым 10, 2021 18:46 Asia/Almaty

Сионистік режим әскерилері жауластық әрекеттерін жалғастырып, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы солтүстік аудандарға шабуыл жасап, бірнеше адамды өлтіріп, жаралады.

Палестина әл-Яум ақпарат агентігінің хабарлауынша, сионист әскерилер бейсенбі күні таңертең Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблис қаласына баса-көктеп кіріп, палестиналық жастарға оқ пен көз жасаурататын газ атты.

Осы мәлімет бойынша, палестиналықтардың сионист әскерилермен қақтығысында тұтқыннан босап шыққан бір палестиналық пен Палестинаның екі қауіпсіздік қызметкері шәһид болып, бірнеше адам жараланды.

Al-Jazeera теларнасының хабарлауынша, палестиналықтармен қақтығыста бір сионист офицер қаза тапты.  

Тегтер