Сейіт Хасан Насролла: Сионистік режиммен күресу – қарсыласу қозғалысының басты басымдығы
Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ашура күніне орай сөйлеген сөзінде: «Сионистік режиммен күресу – қарсыласу қозғалысының басты басымдығы»,-деп қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла бейсенбі күні имам Хұсейн(ғ.) мен оның серіктерінің шәһид болған күніне байланысты сөйлеген сөзін ислам пайғамбары, хазірет Әли мен хазірет Фатима, имам Хасан мен басқа имамдарға көңіл айтумен бастды.
Сейіт Хасан Насролла Палестина мәселесіне тоқталып: «Имам Хұсейннің (ғ.) Ашура күні әлемнің барлық шарапатты адамдарына Палестинаның зорлық көріп жатқан халқымен бірге табанды түрде күресу қажет деген жолдау береді»,-деді.
Сейіт Хасан Насролла баршаны Иордан өзенінің батыс жағалауындағы, Газа секторындағы және босқындар лагерлеріндегі Палестина халқының жанынан табылып, олардың өзеннен теңізге дейін жерін қайтарып алуға атсалысуға шақырып: «Біз сионистік басқыншылардың Палестина жерін тастап шығатын күнін күтудеміз. Біз тек палестиналықтардың ғана емес, бүкіл қарсыласу өзегінің қасиетті құндылықтарын қорғап, сақтағымыз келеді»,-деді.