Бахрейнде намазға қатысушылар сионистік режимнің туын таптады
(last modified Sat, 02 Oct 2021 13:13:12 GMT )
Қаз 02, 2021 19:13 Asia/Almaty
  • Бахрейнде намазға қатысушылар сионистік режимнің туын таптады

Бахрейн белсенділері жұма күні әлеуметтік желілерде елдің мешіттерінің суреттерін жариялап, намазға қатысушылардың мешіттерге кіргенде сионистік режимнің туын басып өткендерін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Бахрейннің «Исламдық жамағаты» әлеуметтік желілерде суреттерді таратып: «Бұл әрекет Бахрейннің сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыпқа келтіруіне және Израиль сыртқы істер министрі Яир Лапидтің Бахрейнге сапарына наразылық білдіру. Бахрейн халқы сионистік режиммен қатынасты қалыпқа келтіруді айыптайды»,- деп жазды.

Бахрейн халқының  сионистік шенеуніктің бұл елге сапарына қарсы наразылық шеруі жалғасуда. Халық Абу Саби мен Аш-Шахур аймақтарында шеруге шығып, сионистік режимнің туын өртеді.  

 

 

Тегтер