Аустралия АҚШ пен сионистік режимге жағымпаздануда
(last modified Thu, 25 Nov 2021 16:06:02 GMT )
Қар 25, 2021 22:06 Asia/Almaty
  • Аустралия АҚШ пен сионистік режимге жағымпаздануда

Аустралия үкіметі АҚШ пен сионистік режимнің назарын аудару үшін Ливан Хизбулласын "лаңкес ұйымдар" тізіміне қосып, өз жерінде бұл топтың белсендігіне тыйым салды.

Батысқа бағынышты орталар мен кейбір араб елдері соңғы апталарда Ливан үкіметі мен Хизбулланы оқшаулау мақсатында оларға қысым жасауды арттырды. Хизбулла – Ливандағы ресми саяси топ. Оның ел Парламентінде өкілі бар.

Бұл топ нәсілшіл сионистік режимнің басқыншылығына қарсы тұрумен қоса, Ливан халқына әлеуметтік, экономикалық және мәдени қызмет көрсету арқылы осы елдің қоғамында да бұлтартқысыз, теңдессіз рөл атқарады. Сондықтан Хизбулла – Ливан қоғамында халықтың қолдауына ие ең ықпалды саяси топтардың бірі.     

Ливанның саяси сахнасында Хизбулламен қоса, түрлі танымал саяси топтар да  белсенді қызмет етеді. Алайда Ливан халқы Хизбуллаға айрықша ықыласпен қарайды. Бұл оның ел арасында айшықты ерекшеліктерге ие екенін көрсетеді. Солардың ең маңыздысы – сионистік режимнің Ливан жеріне қол сұғуына қарсы күресі. Бұл – Ливан халқының мақтанышы.

Шын мәнінде Ливан қоғамында Хизбулланың абырой-айбыны халықтың қолдауына негізделген. Соның нәтижесінде ел іші мен араб әлемінде бұл топтың беделі артып келеді.

АҚШ сионистік режимді қолдай отырып, күн сайын түрлі тәсілдермен Ливан Хизбулласына қысымды арттырып келеді. Ал Хизбулланың Ливан халқы жүрегіндегі орны дәлелдеуді қажет етпейді.

Халықтың көзқарасынша, сионистердің басқыншылығы мен қылмыстарына қарсы күресу лаңкестік әрекет емес, керісінше мақтаныш тудыратын іс. Аустралия үкіметі қабылдаған шешім сияқты жаңсақ қимылдар оның орны мен рөліне ықпал ете алмайды.