Ливан жарылысында көз жұмғандардың жаназасын шығару рәсімінде үш адам қаза тапты
Ливанның Сур қаласында орналасқан «Солтүстік мұнара» атты палестиналық қосында бір оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан көз жұмғандарды жерлеу рәсімінде 3 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, жергілікті ақпарат көздері белгісіз біреулердің жаназаға қатысушыларға оқ атқанын, олардың қосындағы қауіпсіздік күштерімен қақтығысып қалғанын хабарлады.
Ливанның Қызыл крест қоғамы: «Атыстан қаза болғандар мен жараланғандардың саны артуы ықтимал»,-деп мәлімдеді.
Жұма күні Ливанның Сур қаласындағы «Солтүстік мұнара» атты палестиналық қосында бір бензин багында өрт шығып, от жанындағы мешіт пен оқ-дәрі қоймасына таралып, жарылыс болды.
Осы жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 20 адам жараланды.