Бүгін Йемен Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге шабуыл жасады
(last modified Mon, 24 Jan 2022 14:59:23 GMT )
Қаң 24, 2022 20:59 Asia/Almaty

Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі осы елдің "Йемен дауылы-2" деген атпен Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге жасаған зымырандық шабуылының егжей-тегжейін жариялады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Яхия Сари бүгін дүйсенбі күні Йеменнің Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге жасаған шабуылы туралы: "Осы амалда Абу-Дабидағы әл-Зафара әуе базасы мен басқа да маңызды нысандар Йеменнің "Зулфақар" атты бірсыпыра баллистикалық зымыранымен нысанаға алынды",-деді.

Сари: "Самат-3" ұшқышсыз ұшағымен Дубайдағы бірнеше маңызды да өміршең нысандарға шабуыл жасалды",-деді.

Яхия Сари Сауд Арабиясының Шоруһ және басқа да аудандарындағы көптеген әскери базаларға "Самат-1" және "Қасеф-2" ұшқышсыз ұшақтары шабуылдағанын айтып: "Сауд Арабиясының Джазан мен Асир облыстарындағы маңызды орталықтарға да бірсыпыра баллистикалық зымыран атылды",-деді.

Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі БАӘ-ге инвестиция салған шетелдік компаниялар мен инвесторларға осы елден кетуге кеңес беріп: "Йеменді қоршау және басқыншылық жасау жалғасқанға дейін БАӘ нысанаға алына беретін болады",-деді.  

Тегтер