Насролла: Иран - үлкен аймақтық және әлемде ықпалды держава
Ливан Хизболласының Бас хатшысы имам Хомейни Иранға келген кездегі халықтың қуанышын «Фаджр» онкүндігіндегі илаһи күндерінің ең әдемі үлгілерінің бірі деп атап: «Иран қазір ірі аймақтық державаға айналды.Иран аймақтық оқиғаларда ғана емес, әлемде де ықпалды»,- деді.
Сейед Хасан Насролла сейсенбі күні кешке Al-Alam арнасына берген сұхбатында: «Иран тәуелсіздігі мен нақты егемендігі жағынан бүгінгі әлемде үлгі болып табылады»,- деп қуаттады. Ол Ислам революциясы жетекшісін мадақтап: «Иранның дана діни басшылығы бұл елді барлық салаларда дамытты»,- деді. Сейед Хасан Насролла сөзінің жалғасында: «Иран аймақтағы күшті ел және Иранмен кез келген соғыс бүкіл аймақтың толық жарылуына әкеледі»,- деп баса айтты. Насролла АҚШ-тың бүгінгі басымдылығының Иранмен соғысу емес екеніне тоқталып: «Вашингтонның басымдығы басқа жерде - Ресей және Қытаймен қарсыласу»,- деп мәлімдеді.