Теһранда бахрейндік саяси күрескер топтар алғаш рет бас қосты
(last modified Tue, 15 Feb 2022 23:46:18 GMT )
Ақп 16, 2022 05:46 Asia/Almaty
  • Теһранда бахрейндік саяси күрескер топтар алғаш рет бас қосты

Бахрейндік саяси күрескер топтар 11 жылдан кейін алғаш рет бір сапқа тұрып, Израиль жəне Халифа режиміне қарсы бірлескен күресті бастайтындарын мəлімдеді.

11 жыл бұрын Ашу-ыза күні деп аталған 14 ақпанда Бахрейн халқы революциялық əрекет жасап, Халифа режиміне қарсы көшеге шықты.Халифа режимінің қауіпсіздік күштері революционерлерге шабуыл жасап, 1 адамды өлтіріп, 14 адамды жаралады.I

ran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бахрейндік күрескер топтар 11 жылдан кейін бірінші рет Теһран университетінде бас қосып, Бахрейн халқын Халифа режимінің тираниясынан құтқарып, азат ету үшін үйлесе жəне бірлесе күресуге уəде берді.

Халас қозғалысының өкілі Абдулрауф əш-Шаеб басқосуда бірінші болып сөз сөйлеп, Бахрейн халқының революциясынан кейін Халифа режимі ешқашан тыныштық көрмейтінін жəне жасаған қылмыстарына жауап беруі тиістігін айтты.

Бахрейндік күрескер топтар дүйсенбі күнгі басқосуда азаматтықтан айырылған адамдардың абыроймен елге оралуы қажеттігін баса айтты.

Тегтер