Хасан Насролла: Қарсыласу - Ливанның болмысын сақтап қалды
(last modified Thu, 17 Feb 2022 13:54:59 GMT )
Ақп 17, 2022 19:54 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Қарсыласу өзегі Ливанның болмысын қаны мен жанын беріп сақтап қалды",-деді. 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла сəрсенбі күні қарсыласу қозғалысының шəһид болған қолбасшыларын еске алу рəсімінде сөз сөйлеп, имам Əлидің(ғ.) туған күнімен құттықтап: "Имам Əлиді еске алған кезде Алла тағалаға шүкір етіп, өз ата-анамызға алғыс айтамыз. Өйткені олар бізді бала күнімізден мейірім жəне махаббатқа бөлеп тəрбиеледі",-деді.

Хасан Насролла сионистік жобамен күресу үшін жоғары күш-қуат қажет болғанын, сол себепті Ливанда исламдық қарсыласу қозғалысы пайда болғанын айтып: "Рағиб Харб, сейіт Аббас Мусави мен Эмад Мағниа қарсыласу қозғалысының негізін қалады. Эмад Мағниа мен Қасым Солеймани мектебінің негізі қауіпті мұрсатқа айналдыру болды.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы: "Біз мыңдаған зымыранымызды нысанаға дөп тиетін зымырандарға айналдыра алдық. Ұшқышсыз ұшақтар жасап жатқанымызға біраз болды. Зымырандардың орналасқан жерін іздеп жүрген Израиль біз оларды бір жерге жинамайтынымызды білсін. Сіздерді тақатсыздана күтіп отырмыз",-деді.

Тегтер