Мысыр президенті Сауд Арабиясымен жасалған келісімнен кері шегінуі ықтимал
Мысыр президенті Тиран және Санафир аралдарын Сауд Арабиясына тапсыру жөніндегі келісімнен кері шегінеді.
Ливанның «әл-Ахбар» газеті мысырлық дереккөздеріне сілтеме жасап: "Мысыр президенті Абдул Фаттах әс- Сиси халықтық наразылықтар ұлғайған жағдайда теңіз шекараларын белгілеу, сонымен қатар Тиран және Санафир аралдарын Эр- Риядқа тапсыру жөніндегі Сауд Арабиясымен жасалған келісімнен кері шегінеді" деп жазды.
«Әл- Ахбар» газетінің жазуынша, саудиялықтармен жасалған келісімнен кері шегіну сценарийлерінің бірі осы келісімге Мысыр парламентінің шолу жасауын кешеуілдету болып табылады. Сонда осы келісімнің президент тарапынан бекітілуі де кейінге қалдырылатын болады.
Ливандық газет сондай- ақ Тиран мен Санафир аралдарын Сауд Арабиясына тапсыруға тосқауыл қою үшін референдум өткізіледі деген болжам айтты.
Осы газеттің жазуынша, Абдул Фаттах әс- Сиси үкімет аппараттарының басым көпшілігі мен мысырлық ақпарат құралдары оның шешімдері мен саудиялықтармен келісімін қолдайды деп ойлайды, бірақ ақпарат құралдары мен халықтық наразылықтар болжамдардан әлдеқайда жоғары.