"Қатыгездікпен басқару" негізіндегі стратегиялық бағдарлама
(last modified Wed, 20 Apr 2022 14:50:14 GMT )
Сәу 20, 2022 20:50 Asia/Almaty

Максималды қатыгездікке максималды сома – Абу Бакр Наджи мен оның серіктері үшін шынайы тәпсірдің аясы. "Қатыгездікпен басқару" кітабы авторының ойынша, бұдан басқа сипаттама джихадистерді ықпалы аз немесе әсерсіз бүлікшіл топқа айналдырады.

Мешхедте болған лаңкестік әрекет пен экстремистердің Гераттағы ИИР-ның Бас консулдығына шабуылын назарға ала отырып, лаңкестік топтардың идеологиясына көз жүгіртіп, ДАИШ-тың ең әсерлі кітаптарының бірін парақтап, джихадистердің түрлі әрекеттер жасаудағы жасырын мақсаты және келешек бағдарламасымен танысуды жөн көрдік.

ДАИШ-тың идеологиялық географиясындағы стратегиялық бағдарламаның "Қатыгездікпен басқару" кітабының мазмұнымен ортақтығы көп. 2010 жылы Сомалидегі әл-Каида ұйымының бір тармағы саналатын әш-Шобабтың бір мүшесі «Бұл топтың мүшелері "Қатыгездікпен басқару" кітабын Сомалиді басып алу үшін жолнұсқау ретінде қолданды» деген болатын. "Қатыгездікпен басқару" – әл-Каида 2004 жылы, ДАИШ құрылғаннан екі жыл өткен соң онлайн түрде таратқан кітап. Бұл кітапта бір аумақты бақылауда ұстап басқару, жаңа үкімет құру және оны халифатқа айналдыру жолдары түсіндірілген. "Қатыгездікпен басқару" кітабының авторы өзіне "Абу Бакр Наджи" деген есімді таңдаған. Біз "Наджидің" шынайы өмірде кім екенін білмейміз. Тек оның Солтүстік Африка тумасы екені мәлім. Бұл да өзі берген түсініктемеге және кітаптағы мағлұматтарға байланысты айтылып отыр. 2004 жылдан кейін ешкім мұндай есіммен ештеңе жазған жоқ. Сондықтан ол не өлтірілген, не басқа есіммен жазып жүр. Наджидің пайымдауынша, лаңкестік топтар дұшпандардың маңызды нысандары, соның ішінде елді байытуға қажетті мұнай кешендері мен туристік орындарының тынышын бұзатын әрекеттер жасауы керек. Өйткені осындай маңызды нысандарды қорғау үшін жергілікті басшылар барлық персоналды сыртқа шығарады. Сонда үкіметтің төңірегінде қауіпсіздік вакуумы немесе "дағдарысты аймақтар" пайда болады. Осындай жағдайда джихадистер тұрақсыз аймақтарға барып, тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, қоғамдық қызметтер көрсетеді. Сөйтіп халықтың жүрегін жаулап, өзіне жақтастырып, шариғат негізіндегі әділет орнатады. Наджидің сенімінше, джихадистер аймақта халық қолдауының кепілдендірілуін қажет етеді. Халық тарапынан қолдаудың болмауы – джихадистерді талпыныс деңгейінің көрінісі.  Абу Бакр Наджи пара беруді әсерлі деп біледі, бірақ джихадистер тайпаларды идеологиялық тұрғыдан бақылауға алуға талпынуы керек деп баса айтады.

Коалиция және мойын бұрғызбайтын қатыгездік

Абу Бакр Наджидің ойынша, жанжалды күрескерлер мұсылмандармен идеологиялық айырмашылыққа қарамай әріптестік жасауы керек. Тек бір шарт бар: олар джихадистердің бағдарламасына қарсы болмауы тиіс. Экстремист күрескерлер осындай дағдарысқа ұшыраған аймақтардан желі құрғаннан кейін бір ислам мемлекеті, содан соң ислам халифаты аясында топтасуы керек. Наджи джихадистердің түрлі жерлерді жаулап алып, бақылауда ұстап тұруына көмектескен принципті жасырмады. Ол мұны "коалиция және мойын бұрғызбайтын қатыгездік" деп атады. Бұрыннан бері джихад жолында жүрген экстремистер бұл принциптің "қатыгездік, рақымсыздық, терроризм, басқаларды қорқыту және жаппай қырып-жоюдан" басқа ештеңе емес екенін біледі. Наджидің айтуынша, "Жұмсақ мінезді адамдардың үйде отырғаны дұрыс. Әйтпесе олардың тағдыры жеңіліс болады. Одан алған шоктан қиналатын болады "Қатыгездікпен басқару" кітабының авторы сөзінің жалғасында мойын бұрғызбайтын қатыгездік идеологиясын тарату жайлы айтып: "Тіпі джихадистер дұшпандарын кешіргісі келсе де, дұшпандар егер бізді ұстаса, ешқандай рақымшылық жасамайды. Сондықтан оларды бізге шабуыл жасағанға дейін мың рет ойлануға мәжбүрлеуіміз керек",-деді. Наджидің айтуынша, "Дұшпан бізге қарсы осындай қатынасынан бас тартқанға дейін тіпті олардың әйелдері мен балалары да нысанаға алына алады".  

Максималды қатыгездікке максималды сома

Максималды қатыгездікке максималды сома – Абу Бакр Наджи мен оның серіктері үшін шынайы тәпсір аясы. Наджидің ойынша, бұдан басқа сипаттама джихадистерді ықпалы аз немесе әсерсіз бүлікшіл топқа айналдырады. Наджи сілтеме жасаған адамдардың бірі – Пауэлл Кенди. Бұл америкалық тарихшы миллитаризмнің шектен тыс таралуының қатері туралы: "Егер АҚШ өз әскери қуатын пайдалануды дамытатын болса және стратегиялық тұрғыдан шектен тыс кеңейтетін болса, бұл оның құлдырауына әкеліп соқтырады",-деп жазды.  Ал Наджи бұл сөзді АҚШ-ты өз әскерін шектен тыс қолдануға итермелеу үшін стратегиялық өзек  ретінде пайдаланды. Наджи "Әлемдегі бүлікшілік заңы әдетте шариғат заңдарына үйлеседі" деп уәж айтты.

Осындай тәпсір негізінде бүгінде фундаменталист күрескерлер мен тәкфиршіл лаңкестер Абу Бакр Наджидің "Қатыгездікпен басқару" атты кітабын өз лагерлерінде оқиды деп топшылауға болады.

 

Сейіт Махмұт Камалара (Закария)

Жазушы әрі зерттеуші

Тегтер