Сейіт Хасан Насролла: Ешкімге Ливанда іріткі салуға жол бермейміз
Хизбулланың бас хатшысы: "Бәріміз өзара әріптесіп, басқаларға елде арандатушылық жасап, қақтығыс тудыруына жол бермеуіміз керек",-деп қуаттады.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы Рамазан айының 23-ші күні, Қадір түнінде сөйлеген сөзінде Триполи жағалауында ливандық мигранттар мінген қайықтың батып кеткеніне байланысты көңіл айтып, осы оқиғаның анық-қанығын тексеріп, тез арада жауаптыларды анықтауды талап етті.
Заңсыз 60 мигрант мінген қайық сенбі күні кешке Триполи қаласының жағалауында батып кетті. Соның салдарынан 14 адам, соның ішінде бір бала қаза тапты.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы Ауғанстанның Құндыз қаласында болған айуандық әрекетті айыптап: "Ауғанстанның Мазари-Шариф және басқа аудандарында ДАИШ-тың қолынан қаза тапқан бауырларды еске алуымыз керек",-деді.