Дженин қаласында бір палестиналық шәһид болды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i60634
БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Дженин қаласында сионистік әскерилер бір палестиналықты атып өлтірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 27, 2022 16:53 Asia/Almaty
  • Дженин қаласында бір палестиналық  шәһид болды

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Дженин қаласында сионистік әскерилер бір палестиналықты атып өлтірді.

 

Palestine Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Джениннің оңтүстік-батысындағы Барқин ауылында тұратын 18 жастағы  Ахмад Масад  бүгін сәрсенбі күні таңертең сионистік  әскерилердің басынан атқан оғынан шәһид болды. Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қалалар, әсіресе Дженин қасиетті Рамазан айының басынан бері Израиль басқыншылығының күшеюіне куә болып, бірқатар палестиналық сионистік әскерилердің оғы мен жарақатына ұшырады.