Ораза айт намазы алдында Башар Асадты өлтіруге талпыныс жасалды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i60758-Ораза_айт_намазы_алдында_Башар_Асадты_өлтіруге_талпыныс_жасалды
Ақпарат құралдары таратқан шұғыл хабарда Башар Асад Джаме-е ул-Хасан мешітіне Ораза айт намазы оқу бара жатқан кезде лаңкестік шабуылға ұшырады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 02, 2022 21:32 Asia/Almaty
  • Ораза айт намазы алдында Башар Асадты өлтіруге талпыныс жасалды

Ақпарат құралдары таратқан шұғыл хабарда Башар Асад Джаме-е ул-Хасан мешітіне Ораза айт намазы оқу бара жатқан кезде лаңкестік шабуылға ұшырады.

Ливанның "әл-Минар" арнасы дүйсенбі күні осы хабарды жариялап: "Бұл оқиғаға қарамастан, Сирия Президенті Башар Асад сау-саламатта Дамасктағы Джаме-е ул-Хасан мешітіне барып, халықпен кездесті",-деді.

Осы салада Сирияның қауіпсіздік күштері Башар Асадқа сәтсіз жасалған террордың егжей-тегжейін мәлімдемеді. Бірақ оның мешітке кіріп, халықпен кездесіп, Ораза айт намазын оқыған сәті түсірілген видеолардан оның аман-сау екенін байқауға болады.