Йемен халқының қозғалысы дұшпандардың үстемдігінен құтылып, тәуелсіздік алуына негізделген
(last modified Tue, 10 May 2022 12:22:43 GMT )
Maм 10, 2022 18:22 Asia/Almaty

Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы: "Халық қозғалысы дұшпандардың үстемдігінен құтылып, тәуелсіздік алуға бағытталған. Халық өз әрекетін саналы әрі қырағы түрде бастады",-деп қуаттады.

Al-Masirah телеарнасының хабарлауынша, Абдулмалик Бадреддин әл-Хуси кеше, дүйсенбі күні: "Басқыншы коалицияның шабуылдарына қарамастан, Аллаға тәуекел еткен Йемен халқының ерік-жігерінің арқасында оқу-ағарту ісі исламдық құндылықтарға негізделіп жалғасып жатыр",-деді.

Әл-Хуси: "Білім берудегі біздің үлгіміз – Алла елшісі (с.ғ.с). Ол жәһілдік жағдайды өзгеріп, қырағы ұстанымға ие үмбет қалыптастырды",-деді.

Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йемендегі соғысынан осы күнге дейін 16 мыңнан аса йемендік қаза тапты.   

Тегтер