Насролла: Қарсыласу қозғалысының қарулары Ливан халқының басты мәселесі емес
Ливан Хизбулласының бас хатшысы зерттеу орталықтары жүргізген сауалнама нәтижелеріне сүйеніп: "Ливан халқының басты мәселесі қарсыласу қозғалысының қаруы емес, өзінің тұрмыс жағдайы",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла дүйсенбі күні сайлауалды жиынында: "Қазір қарсыласу қозғалысының қарусыздануын және Хизбулла мен оның одақтастарын құртуды қалайтын адамдар Ливанның оңтүстігіндегі халықтың сионистік режимнен зардап шеккенін ұмытқан",-деді.
Насролла қарсыласу қозғалысының тұтқындарды азат етіп, Ливанға абыроймен қайтарғанын айтып: "Қарсыласу қозғалысы Ливанның оңтүстігіндегі ауылдарды қорғайды. 2006 жыл 16 тамызынан бастап қарсыласу қозғалысының арқасында елдің оңтүстігіндегі ауылдардың барлығында қауіпсіздік пен бейбітшілік орнады",-деді.