Сақшылар корпусы Ирактың солтүстігіндегі лаңкестерді нысанаға алды
(last modified Wed, 11 May 2022 13:42:43 GMT )
Maм 11, 2022 19:42 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы Ирактың солтүстігіндегі лаңкестерді нысанаға алды

Ислам революциясының Сақшылар корпусы бүгін, сәрсенбі күні Ирактың солтүстігінде орналасқан лаңкестік топтардың позицияларына зеңбірек және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады.

Сақшылар корпусының Құрлық күштеріне қарасты шәһидтер сардары Хамза(ғ.) атындағы гарнизон мәлімдеме таратып: "Әлемдік үстемшілдерге бағынышты лаңкестік топтардың Иран жеріне лаңкестерді енгізіп, бүлдіргі әрекеттер жасауға бағытталған соңғы қимылдарынан кейін Хамза(ғ.) атындағы гарнизон жауынгерлері нақты есептелген амалда  5 адамнан тұратын қарулы лаңкестерді Иранның Бане ауданында қолға түсірді",-деп хабарлады.

Мәлімдеме бойынша, ұсталған лаңкестер Иранға қарсы бүлдіргі әрекеттер жасауды көздегендерін мойындағаннан кейін бүгін, сәрсенбі күні Сақшылар корпусының Құрлық күштеріне қарасты  шәһидтер сардары Хамза атындағы гарнизон жауынгерлері Ирактың солтүстігінде орналасқан лаңкестердің базалары мен позицияларына шабуыл жасап, оларды жойып жіберді.    

13 наурызда  Моссад барлау ұйымының Ирактың Эрбильдегі 2 тыңшылық базасы Сақшылар корпусы зымырандарының нысанасына алынды.

Тегтер