Йеменнің бейбіт келіссөздері тоқтатылды
Ақпарат көздері Кувейттегі Йеменнің бейбіт келіссөздерінің 24 сағатқа тоқтатылғаны туралы хабарлады.
«Sky News» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ бас хатшысының өкілінің бақылауымен Кувейтте өтіп жатқан Йеменнің бейбіт келіссөздері 24 сағатқа тоқтатылды.
Йемен бейбіт келіссөздерінің тоқтатылуының себебі әлі жарияланған жоқ. Бірақ оның себебі атыс тоқтатудың жариялануына қарамастан Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарының жалғасуы деген болжамдар айтылуда.
Бұдан бұрын Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы: «Йеменге қарсы саудиялық әуе шабуылдары жалғасып жатқан кезде соғыс пен әскери әрекеттерді тоқтатуды талап ету Кувейттегі қазіргі бейбіт отырысқа қауіп төндіреді» деп мәлімдеген болатын.
Мұхаммад Абд әл-Саламның айтуынша, бомбалауды тоқтату туралы сөздер жалған. Қазіргі шабуылдарға байланысты келіссөздердің тағдыры бұрынғы кезеңдерден өзгеше болмайды.