Насролла: Сионистік режимнің Ливанға қарсы кез келген әрекетіне қатаң жауап беріледі
(last modified Tue, 26 Jul 2022 13:32:20 GMT )
Шіл 26, 2022 19:32 Asia/Almaty

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла: "Таммуз (шілде) соғысынан осы күнге дейін Израиль Ливанға қарсы кез келген әрекеттің жауапсыз қалмайтынын түсінді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла дүйсенбі күні кешке Ливанның Al-Mayadeen арнасына берген сұхбатында "Кариш" газ кенішінің маңыздылығына тоқталып: "Ливан үкіметі мемлекет пен оның байлығын сақтау үшін тиісті шешімдер қабылдай алмайды. Сол себепті Қарсыласу қозғалысы осындай шешім қабылдауға мәжбүр",-деді.

Ол: "Хизбулланың мақсаты – Ливан үкіметінің өзіне мұнай мен газ өндіруге жағдай жасау. Өйткені бұл – Ливанның аман қалуының жалғыз жолы",-деді.

Ол: "Хизбулла сионистік режимге Ливан суларындағы қайшылықты жерлерде мұнай мен газ өндірмесін деп сан рет ескерту жасады. Кері жағдайда Қарсыласу қозғалысының қатаң реакциясына ұшырайды",-деді.

Ол: "Израильде теңіз бен құрлықта Қарсыласу қозғалысының зымырандары жете алмайтын жер жоқ",-деді.   

Тегтер