«Сорайя Абабиль» Ирактағы Түркияның базасына шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i62788-Сорайя_Абабиль_Ирактағы_Түркияның_базасына_шабуылға_жауапкершілікті_өз_мойнына_алды
«Сорайя Абабиль» қарсыласу тобы Ирактың солтүстігіндегі Түркияның базасына шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 27, 2022 18:54 Asia/Almaty

«Сорайя Абабиль» қарсыласу тобы Ирактың солтүстігіндегі Түркияның базасына шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.

Al-Mayadeen ақпарат арнасының хабарлауынша, «Сорайя Абабиль» қарсыласу тобы мәлімдеме жасап: «Бүгін таңертең Ирактың солтүстігіндегі Дахук облысының Сири базасы мен Барухи лагеріндегі Түркия күштерін «Мұрад-6» ұшқышсыз ұшағымен нысанаға алды»,-деп мәлімдеді.

«Сорайя Абабиль»: «Бұл шабуыл Түркия күштерінің Дахуктағы туристік аймаққа шабуыл жасап, бірнеше адамды өлтіріп, жаралағанына жауап ретінде жасалды»,-деп мәлімдеді.