Насролла: Қарсыласу нығметін бар күш-қуатымызбен қорғау керек
Қаз 02, 2022 21:15 Asia/Almaty
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «Қарсыласу нығметін бар күш-қуатымызбен қорғау керек. Қарсыласудың орнына ештеңе ұсына алмайтын адамдардың ықпалына түспейік. Өйткені олардың сөздері – бос сағым»,-деді.
Хасан Насролла: «Бір америкалық тұлға Сирия мен аймаққа шабуыл мен соғыстың мақсаты оның мұнайы мен қуат көздерін ұрлау болды деп ашық мәлімдеді»,-деді.
Ливан Хизбулласының бас хатшысы: «ДАИШ-ты құрған – АҚШ. Бұл елдің барлау басқармасы бұрынғыдай ДАИШ-ты қорғап, оны Ирак пен Ауғанстанда қайта жандандыруға тырысып жатыр»,-деді.