Сейіт Хасан Насролла: Қарсыласу – Палестинаны азат етудің жалғыз жолы
(last modified Thu, 13 Oct 2022 13:31:26 GMT )
Қаз 13, 2022 19:31 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла: Қарсыласу – Палестинаны азат етудің жалғыз жолы

Ливан Хизбулласының бас хатшысы қарсыласу жолындағы ислам үмбетінің бірлігін дұшпандардың қолын қысқартып, Палестина мен қасиетті Құдсты азат ету және Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) жолына қайта оралудың жалғыз жолы деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Хасан Насролла 36-шы «Ислам бірлігі» халықаралық конференциясына жіберген жолдауында: «Құдсты қолдауды көздемеген кез келген бірлік күмәнді. Оның исламға қатысы жоқ»,-деді. Жолдауды Хизбулланың орталық кеңесінің мүшесі шейх Набиль Қауф оқып берді.

Насролла: «Бүгінде аймақ пен әлемде америкалықтардың кейін шегінгені байқалады. Соңғы шегініс Ирак пен Ауғанстанда жеңіліс табуы және Украина соғысының батпағына батуы болды»,-деді.

Ливан Хизбулласының бас хатшысы сондай-ақ ислам елдерінің үлемдері мен парламент депутаттарын Израильмен қарым-қатынасты қалыптандыруға және Палестина мәселесін тоқтатуға тырысқан кез келген талпынысты қылмыс деп атап, оған байкот жариялауға шақырды.   

Тегтер