Насролла: Дұшпандар Иранда тағы да сәтсіздікке ұшырады
Қаз 30, 2022 13:15 Asia/Almaty
Ливан Хизбулласының бас хатшысы Иран халқының жұма күнгі ұлы шеруіне тоқталып: «Бұл шеру дұшпандардың Иранда тағы да сәтсіздікке ұшырағанын көрсетті», деді.
Сейіт Хасан Насролла: «Бұл шеру сабырлы да мұджахед халықтың қастандық жасаушылардың барлығына «Сендер сағымға сендіңдер» дегенді білдіретін мықты жолдауы болды»,¬ деді. Насролла: «Халықтың шеруге кең түрде қатысып, кесімді ұстаным білдіруі – осы бүлік пен қастандықты ұйымдастырушыларға кесімді жауаптың бастамасы», деді. Хизбулланың бас хатшысы сионистік режиммен шекара белгілеуге қатысты келісімнің жалғасып жатқанын және Ливан өз көзқарасын Израильге таңып отырғанын тарихи оқиға деп сипаттады.