Насролла: Иран тағы да америкалық-израильдік қастандықты жеңді
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктер мен дұшпанның жоспарының сәтсіздікке ұшырауына сілтеме жасап, ИИР-ның тағы да америкалық-израильдік қастандықты жеңгенін және бұл елдің күш-қуатынын арта түсетінін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейед Хасан Насролла кеше жұма күні Исламдық қарсыласу шәһидтерін еске алу рәсімінде: «Шәһид күні – барлық шәһидтердің күні. Бахрейн, Иран, Палестина және басқа аймақтардағы шәһидтер – біздің шәһидтеріміз. Шәһид жанұялары – балаларын шәһид болуға жігерлендірген немесе олардың шәһид болуына кедергі болмаған жандар. Сионистік дұшпанның бұл жағдайға жетуіне шәһидтеріміздің қаны себеп болды»,- деді. Насролла сионистік режимдегі жуырдағы парламенттік сайлау туралы: «Нетаньяху мен басқалардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ және олардың барлығы қылмыскерлер. Нетаньяху келе ме, келмей ме бізге маңызды емес»,- деп айтты.
Сейед Хасан Насролла АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісінің Ливан мен Хизболлаға қарсы мәлімдемелеріне реакция білдіріп: «АҚШ қарғыс пен індеттің негізі болып табылады және Американың зұлымдығы мен лағынетін Ливаннан алып тастаған және бұл індетті өлтірген Хизболла болды»,- деді.