Бахрейн халқы Герцогқа қарсы шеруге шықты
Жел 03, 2022 18:26 Asia/Almaty
Бахрейндік азаматтар сионистік режим басшысының өз еліне сапарын айыптап: «Бахрейн сионистер үшін орын емес»,- деп баса айтты.
Сионистік режимнің президенті Ицхак Герцог ертең сенбі күні Бахрейнге барады. Үлкен Бахрейн аймағының халқы сионистік дұшпанмен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге қарсылықтарын тағы бір рет қуаттап, бірнеше аймақта шерулер өткізу арқылы сионистік режимнің басшысы Ицхак Герцогтың Манамаға сапарын айыптады. Әл-Драз және Каране аймақтары да Бахрейн үкіметі мен сионистік режим арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуі мен Герцогтың сапарын айыптаған халық шерулеріне куә болды.