ХАМАС: Қарсыласу – басқыншыларға қарсы тұрудың жалғыз жолы
Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласу қозғалысы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамалла қаласында палестиналық жасөспірімнің шәһид болуынан кейін қарсыласудың Палестина халқының сионистік басқыншыларға қарсы тұрудың жалғыз мүмкіндігі екенін баса айтты.
Сионистік режимнің күштері кеше (бейсенбі) Рамалла қаласының солтүстік-батысындағы Абуд ауылы маңында оқ жаудырып, 17 жастағы Зия Мұхаммад Шафиқ әл-Римауиді өлтірді.
Осы палестиналық жасөспірімнің шәһид болуынан кейін ХАМАС қозғалысы мәлімдеме жасап: «Жан-жақты қарсыласу – басқыншылардың басқыншылығымен күресу үшін халқымыздың таңдауы және сионистік дұшпан өз қылмыстарының барлық зардаптарын көтеруі керек. Біз Палестинаның революцияшыл жастарымен бірлесе отырып, дұшпандар мен сионистік қоныс аударушылардың нысаналарына қарсы жалынды тұтандырамыз»,- деді.
Бейсенбі күні таң атқанда да сионистік күштердің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин лагеріне жасаған шабуылынан кейін үш жас палестиналық шәһид болды.