Хасан Насролла: Ливан барлық ливандықтарға тиесілі
Ливан Хезболла қозғалысының Бас хатшысы: «Бұл қозғалыстың Ливан үкіметінде болуы халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуді жеңілдетуді мақсат етеді және біз Ливан халқының құқықтары мен міндеттерінде толық серіктес болғымыз келеді»,-деді.
Ливандағы Хезболла ұйымының бас хатшысы Хасан Насролла: «Джебран Басиль басқаратын еркін ұлттық қозғалыспен келісім олар қалағанша жалғасады және Ливан үкіметінің жуырдағы отырысы және оған Хизболла өкілдерінің қатысуы ешбір партия үшін саяси хабар бермейді»,- деп мәлімдеді.
31 қазанда Мишель Аунның президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін Ливан күрделі саяси дағдарысқа ұшырады. Осы уақытқа дейін саяси топтар арасында келісімнің болмауына байланысты бұл елде жаңа президент пен министрлер кабинеті сайланған жоқ.