Maм 01, 2016 20:17 Asia/Almaty
  • Кувейтте өткен Йемен келіссөздері нәтижесіз аяқталды

Кувейтте өткен келіссөздерде Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысы делегациясының мүшесі Кувейтте йемендік топтар арасындағы негізгі келіспеушіліктердің сол күйінде қалғанын хабарлады.

Кувейтте өткен келіссөздердегі Йеменнің Ансаролла халықтық қозғалысы делегациясының ақпараттық істер бойынша жауапты мүшесі Хамид Резиқ Ливанның «Almayadeen» телеарнасына берген сұхбатында Кувейтте йемендік келісімгер топтар арасындағы негізгі келіспеушіліктердің сол күйінде қалғанын хабарлап: Йеменнің отставкадағы президенті Абд-Раббу Мансур Хадиге қарасты эр- Рияд делегациясының Кувейттегі келіссөздерде сілтеме жасап отырғандары жарамсыз және шешім жолы бола алмайды» деді.

БҰҰ- ның Йемен ісі жөніндегі арнайы өкілі Исмаил Валад әш- Шейх Ахмад йемендік топтар арасындағы Кувейт келіссөздеріне қатысты айтқан сөзінде келісімгер тараптар арасында ортақ тұстардың бар екендігін айтты.

Йемендік жауласушы топтардың келіссөздері өткен айдың 21-і күні БҰҰ- ның қадағалауымен Кувейтте басталған болатын, бірақ кеше келісімге қол жеткізбестен аяқталды.

Тегтер