Лапидтің Нетаньяхуға қарсы сөз соғысы жалғасуда
Сионистік режимнің бұрынғы премьер-министрі Яир Лапид Беньямин Нетаньяхуға қарсы ауызша соғысын жалғастырып, оны осы режимнің ең әлсіз премьер-министрі деп атады
.
Яир Лапид үкіметтің хаос жағдайында екеніне тоқталып: «Нетаньяху кабинеті - ақылсыздық кабинеті. Лапид бұған дейін Беньямин Нетаньяху басқаратын бұл режимнің жаңа кабинетін қауіпті, шектен шыққан және жауапсыз деп бағалап: «Жаңа министрлер кабинеті Израильді жойылуға әкеледі»,- деді.
Жаңа министрлер кабинеті 2023 жылдың 2 қаңтарынан кешіктірмей ант береді. Саяси сарапшылардың пікірінше, билікте әсіре оңшыл партиялар мен діни сионизмнің болуы Нетаньяху бастаған болашақ билеуші коалицияның аймақтағы шиеленіс деңгейін арттыруына себеп болады.