Канани Оңтүстік Корея президентінің Иранға қарсы мәлімдемелеріне реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани дүйсенбі күні кешке Оңтүстік Корея президентінің ИИР мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынасқа араласуына реакция білдірді.
Оңтүстік Корея Президенті Юн Сөк Йөл БАӘ-дегі Оңтүстік Корея әскерлерін аралау кезінде ИИР-на қарсы мәлімдемелер жасап: «БАӘ-нің жауы – Иран, ал біздің жауымыз – Солтүстік Корея... БАӘ-мен ұқсас жағдайдамыз»,- деп уәжденді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани Оңтүстік Корея президентінің БАӘ-дегі мәлімдемелеріне қатысты: «Корея басшысының сөздері ИИР-ның Парсы шығанағы елдерімен, соның ішінде БАӘ-мен тарихи және достық қарым-қатынастары және осы саладағы өте жылдам әрі оң өзгерістер туралы толық мәліметтің жоқтығын көрсетеді»,- деді. Канани Иран Сыртқы істер министрлігінің осыған байланысты Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігінен түсініктеме күтетінін қуаттады.