Maм 04, 2016 16:32 Asia/Almaty
  • Палестиналық күрескер Израильдің бес әскериіне зақым келтірді

Палестиналық күрескер Израильге қарсы әрекетінде сионистік бес әскериді жарақаттады.

"Әл-Ақса" телеарнасының мәліметі бойынша, палестиналық күрескер сейсенбі күні бес сионистік әскериді көлігімен басып кетіп, оларды жарақаттаған. Сионистік әскерилердің біреуінің жағдайы нашар деп хабарланды.

Осы мәлімет бойынша, Йордан өзенінің батыс жағалауының орталығы Рамалладағы Битуния аймағына жақын жерде орын алған әрекеттен кейін әрекетті іске асырушы шәһид болған.

Палестиналық күрескерлердің сионистік режимге қарсы әрекеттері 2015-ші жылдың қазан айында Құдс интефазасының басталумен артты. Сол әрекеттерде шамамен 40 израильдік өлді.

Құдс интефазасы басталғанынан бері сионист әскерилердің қолынан 215-тен астам палестиналық қаза болды.

Тегтер