Нау 14, 2023 18:14 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің басшысы: Израильдегі жағдай өте нашар

Сионистік режимнің басшысы ішкі қайшылықтардың күшейгеніне байланысты осы режимің құлауы туралы тағы ескерту жасады.

Al-Jazeera ақпарат арнасының хабарлауынша, кейінгі күндері Израильдегі дағдарыс туралы бірнеше рет сөз сөйлеген Ицхак Герцог: "Израильде қазіргі заңды өзгерістерге қатысты қайшылықтар қауіпті",-деді.

Ицхак Герцог: "Бұл қайшылықтардың режим үшін қатерлі дипломатиялық, әлеуметтік, экономикалық және қауіпсіздік салдары болады",-деді.

Сионистік режимнің басшысы: "Израиль өте нашар жағдайды бастан өткеріп жатыр. Ішкі жанжалдар бізді ыдыратуы мүмкін",-деп мойындады.

Тегтер