Исламдық джиһад қозғалысы Тель-Авивте Әзірбайжан елшілігінің ашылғанын айыптады
(last modified Thu, 30 Mar 2023 14:12:11 GMT )
Нау 30, 2023 20:12 Asia/Almaty
  • Исламдық джиһад қозғалысы Тель-Авивте Әзірбайжан елшілігінің ашылғанын айыптады

Палестинаның исламдық джиһад қозғалысы Тель-Авивте Әзірбайжан елшілігінің ашылғанын айыптаумен қоса, мұны сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен оның әсіре кабинетін ішкі дағдарыстан құтқару үшін жасалған құрал деп атады.

Палестинаның "Мана" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исламдық джиһад қозғалысы басшыларының бірі Халед әл-Баташ: "Сионистік режим қазір ішкі дағдарыстарға байланысты жақсы жағдайда емес. Бұл елде елшілік ашу Нетаньяху мен оның кабинеті үшін құтқару шеңбері сияқты",-деді.

Әл-Баташ Тель-Авивпен қарым-қатынасты қалыптандыруды Палестина халқының армандарына балта шабу деп атап: "Әзірбайжан мен басқа да ислам және араб елдері сионистік режиммен бітімге келудің орнына палестиналықтарға жақтасып, сионистердің басқыншылығына төтеп беруге көмектескені дұрыс",-деді.

Тегтер