Либерман: Нетаньяхуға қарсы шерулер жалғасуы керек
"Израиль біздің үйіміз" партиясының басшысы сионистерді Израильдің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуге қарсы шеруді жалғастыруға шақырды.
Өткен апталарда басып алынған Палестинаның солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі ондаған қала, соның ішінде ішінде Тель-Авив әсіре оңшыл кабинетке қарсы шерудің сахнасы болды. Сенбі күні кешке Тель-Авивте мыңдаған адам сионистік режимнің Премьер-министрі тарапынан ұсынылған сот жүйесіне реформалар жобасына қарсы шеру өткізді.
Сионистік режимнің бұрынғы Соғыс және қаржы министрі Авигдор Либерман: "Егер біреу сізге өтірік айтса, онымен неге әріптестік жасауыңыз керек? Мен Нетаньяхуды 1988 жылдан бері танимын. Ол қазір алдап жатқаны айқын қой",-деді.
Бұл шерулер Нетаньяху басқаратын әсіре оңшыл кабинет коалициясы мен бұрынғы Премьер-министр Яир Лапид басқаратын оппозициялық фракция арасындағы қатты дау-жанжал саясында өтті.