Ирак Шаламче-Басра темір жолын салуды көздеп отыр
Ирактың Тасымал министрі Иранның Жол және қала құрылысы министрімен кездесуінде Шаламче-Басра темір жолын іске қосуды көздеп отырғанын айтты.
Ирактың Тасымал министрі Иранға бір күндік сапарда осы елдің Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базрпашпен кездесіп, Шаламче-Басра темір жолын салу тәсілі, жобаны орындайтын компания және басқа да мәселелер туралы сұхбаттасты.
Ирактың Тасымал министрі теміржол бағытының анықталғанын, үкіметтің Шаламче-Басра темір жолын салуды көздеп отырғанын айтып: "Ирак үкіметі осы жобаның қаражатын 2023 жылғы бюджеттен қарастыруға тырысады",-деді.
Ирактың жүк көліктерінің Мехран, Шаламче мен Чазабе шекаралық бекетінен қатынауы осы отырыста талқыланған тақырып болды. Бұл мәселе Ирактың Экономика министрлігінде қарастырылатын болады.