Интифаза штабының басшысы: Сионистердің Ніл өзенінен Евфратқа дейінгі арманы жойылды
Исламдық үгіт-насихат үйлестіру кеңесінің Интифаза және Құдс штабының басшысы: «Аймақтағы қазіргі жағдай Палестинаның пайдасына бекітіліп, сионистердің Ніл өзенінен Евфратқа дейінгі арманы жойылды»,-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исламдық үгіт-насихат үйлестіру кеңесінің Интифаза және Құдс штабының басшысы Рамазан Шариф бүгін, сейсенбіде, баспасөз мәслихатында: «Аймақтағы қазіргі жағдай Палестинаның пайдасына және сионистердің Ніл өзенінен Евфратқа дейінгі арманы жойылды. Израильдіктердің теріске шығаруына қарамастан, екі миллионнан астам сионистердің кері миграциясы жүзеге асырылуда»,- деп мәлімдеді. Рамазан Шариф: «Дүниежүзілік Құдс күні биыл ерекше күн болмақ. Сионистер әрқашан ғылыми жетістіктерге қарсы болды және диверсиялық және лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырды. Сионистік режим Иран мен исламдық елдердің бірінші дұшпаны. Өткен жылғы Рамазан айынан бастап осы уақытқа дейін сионистердің тыныштықта өткізетін күні болған жоқ»,- деп баса айтты.